«Yahoo» табысын арттыру үшін қызметкерлердің 15%-ын қысқартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Yahoo» компаниясы мекемені табысты ету үшін «агрессивті стратегиялық жоспар» аясында өз қызметкерлерінің 15 пайызын жұмыстан босатпақ, деп жазады «ВВС» агенттігі.

«Yahoo» табысын арттыру үшін қызметкерлердің 15%-ын қысқартпақ

2016 жылдың аяғында компанияда тоғыз мың адам қалады.
Персоналдарды қысқартар алдында компания 2015 жылы 4,3 млрд доллар шығынға ұшырағанын жариялады.