Якутияда 100 метр тереңдіктен мамонтты клондауға жарамды клеткалар табылды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Максим Амосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университетінің зерттеушілер тобының Якутияның Усть-Ян ауданындағы экспедициясы кезінде «тірі клеткалар» табылды.
Университет қызметкерінің сендіруінше, анықталған клеткаларды ежелгі заманғы жануарды клондау үшін қолдануға болады.
«Бірегей жерде 100 метр тереңдікте құнды материал табылды - бұл мамонттың жұмсақ және май ткандары, жүні, ми сүйегі», - деп айтып берді РИА Новости тілшісіне экспедицияның бастығы, Мамонт мұражайының директоры Семен Григорьев.
Оның пайымдауынша, мамонттың «тірі» клеткалары экспедицияға қатысушылардың бірі - профессор, Sooam Biotech корей қорының басшысы Хван Ву-Сукты қатты қызықтырып отыр. Ол клеткалардың клондауға қолданыла алатынына сендіруде.
«Яна-2012» экспедициясы тамызда Усть-Ян ауданында өтті. Оған Ресей, Корея, АҚШ, Канада, Швеция, Англия елдерінің мамандары қатысты.