Якутияда 121, 96 карат алмаз табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда салмағы 121,96 карат алмаз табылды. Ол Мирнинский ауданында Айхал тау-кен байыту комбинатының кимберлитті құбырынан алынды, деп хабарлады ТАСС «Алроса» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оның құны шамамен 1,5 млн доллар», - деп мәлімдеді Rough and Polished салалық талдау агенттігінің сарапшысы Сергей Горяинов.
Бұл тарихтағы ең ірі алмаз емес, 2015 жылғы қарашада Ботсванда соңғы жүз жылда әлемдегі ең ірі 1111 карат алмаз табылған. Ол канадалық Lucara Diamond Corporation компаниясының кен орнынан алынды.
Есек сала кетсек, тарихта ең ірі алмаз 1905 жылы Оңтүстік Африкада табылған салмағы 3106 карат (621 грамм) "Куллинан" болып келеді. Одан дайындалған гауһарлармен британдық монархтар тәжі және скипетрі безендіріледі.