Якутияда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышы 6,5 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот 2013 жылы жазда Якутияда апатқа ұшырап, 24 адамның өліміне себеп болған тікұшақ экипажының командирі Михаил Бельковқа қоныс колониясында 6,5 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.
2013 жылғы 2 шілдеде Бельков тікұшағы Усть-Янск ауданында құлаған. Бортта 22 адам, оның ішінде 11 бала болған.
Үш экипаж мүшесі, бір жолаушы құтқарылып, қалған 24 адам қаза тапқан.
Сараптама апатқа экипаждың қателігі себеп болғанын анықтады.