Якутияда әскери қызметкерлер мінген Ил-18 ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияның Булун ауданында 32 жолаушысы мен жеті экипаж мүшесі бар Ил-18 ұшағы опат болды. Алты адам аман қалды. Бұл туралы ТАСС агенттігі 19 желтоқсан күні хабарлады.

Якутияда әскери қызметкерлер мінген Ил-18 ұшағы апатқа ұшырады

«Екатеринбургтің Кольцово әуежайынан ұшқан Ил-18 Тикси ауылынан 27 шақырым жерде апатқа ұшырады», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп жазды бүгін lenta.ru.