Якутияда аюларды ату басталмақ
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Якутияда аюлардың адамдарға жиі шабуылдауына байланысты бұл жануарларды ату бастады. Бұл туралы Якутияның аңшылық шаруашылығы департаменті хабарлады, деп жазады ВВС.
Атап айтқанда, жауын-шашын салдарынан болған тасқыннан орманды жерлерде жеміс-жидектер күрт азаюына байланысты аюлардың шабуылы жиілеп барады.
Осыған байланысты құқыққорғау органдары қала маңдарын кешке және түнде бақылауды жоспарлап отыр.