Якутияда британдық суретші Тимур Бекмамбетовтың жобасы үшін алып қар айдаһарын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда сноу-арт бағытының негізін қалаушы Саймон Бек қар басқан көл бетінде алып айдаһарды өрнектеді. Суретші жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын арт-нысанды үш күннің ішінде жасаған.
Шебер Ресейге Тимур Бекмамбетовтің жобасына қатысу үшін арнайы шақыртылды.
Айдаһардың суреті режиссердің «Ол - айдаһар» атты жаңа фэнтэзи фильмінде көрсетіледі. Фильм прокатқа 3 желтоқсан күні шығарылмақ.
Саймон Бектің суреттері Альпі тауларында және тағы басқа көптеген жерлерде ерекше танымал. Ол жалпы алғанда 200-ден астам қар картиналары мен құмдағы 50-ден астам суреттің авторы.