Якутияда ер адам үш бөтелкелесін атып өлтіріп, мәйіттерін өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда ішімдікті ішу отырысы қайғылы аяқталды, деп хабарлады "Интерфакс".

Якутияда ер адам үш бөтелкелесін атып өлтіріп, мәйіттерін өртеп жіберген

Сейсенбі күні күндіз Саха-Якутия республикасының Хоточу ауылының маңында отқа оранған УАЗ көлігі, оның маңында үш адамның өртенген мәйіті табылды.

Сәрсенбіде полицейлер жергілікті тұрғын, жол компаниясының қызметкерін ұстады. Ол жексенбі күні ішімдік ішкен кездерінде жанжал туындағандығын, көліктен қаза тапқандардың бірінің мылтығын алып үш бөтелкелесін өлтіргенін, кейін бензинмен олардың мәйіттерін, көлікті және қаруды өртеп жібергендігін мойындады.