Якутияда президенттік және вице-президенттік институты таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саха Республикасының жоғары лауазымды тұлғасы енді «мемлекет басшысы» , якут тілінде «Ил Дархан» деп аталатын болады. Президенттік және вице-президенттік институты толықтай таратылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Сонымен бірге өңірдің мәртебесін анықтау бойынша конституция нормалары мен Якутияның вице-президентінің өкілеттілігі өз күшін жояды. Бұл лауазым түбірімен жойылады. Ил Тумэн бүгін вице-президент Дмитрий Глушконың өкілеттігін тоқтатты», - деп хабарлады ИТАР-ТАСС-қа парламенттің вице-спикері Ольга Макиенко. Якутиядағы президенттік институттың негізі 1991 жылы 20 желтоқсанда бірінші президент Михаил Николаевтың сайлануынан кейін қаланды.