Якутияда Тимур Бекмамбетовтың фантастикалық фильмі үшін қар айдаһарын соғу жұмыстары басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда Тимур Бекмамбетовтың «Ол - айдаһар» атты фантастикалық фильмінде түсіруге арналған қар айдаһарын соғу жұмыстары басталып кетті. Ол үшін Якутск қаласына арнайы танымал ағылшын сноу-арт суретшісі Саймон Бек ұшып келді. Бұған дейін ол Ресейде қар суреттерін ешқашан жасауға атсалыспаған еді.
None
None

«Ауа райы тамаша, қар жақсы тапталып жатыр, үш күнде айдаһардың бейнесін жасай аламын. Соңғы күні оның басын жасаймын», - деді ол.

Қар картинасының жалпы ауданы сегіз мыңнан астам шаршы метрді құрайды. «Сурет пішіні ұзынша келген болады: ені - 70 метр, ұзындығы - 120 метр болмақ», - деп түсіндірді «Базелевс» кинокомпаниясының өкілдері.

Картинаны түсіру және құру орны ретінде Ысыах - Ус Хатын ұлттық мерекесін өткізу алаңы таңдалды. Фильм прокатқа 3 желтоқсанда шығарылады.

Фильмді түсіру жұмыстары 2014 жылдың жазында Болгарияда басталған. Бір жылдың ішінде Мәскеуде павильондық түсірілімдер жүргізілген. Бұл кинолента айдаһарға айналып, бойжеткенді алып қашқан, содан кейін оған ғашық болған жігіт туралы баяндайды.

57 жастағы Саймон Бек қардағы алғашқы өрнегін 2004 жылы құрған. Ол бүкіл әлемді саяхаттап, геометриялық күрделі өрнектер құрады. Олардың ең ірісі 11 футбол алаңының аумағына тарады. «Мен онымен кезінде аяғымды жарақаттап, өзіме жаттығулар керек болған соң айналыса бастадым. Қар таптап, оған өрнек салу мен үшін оңалтудың ең ауырмайтын әдісі болып көрінген. Бұл ісім біртіндеп толыққанды жұмысқа айналып кетті», - деп мойындайды суретші.

Соңғы жаңалықтар