Якутияда жарыста бірінші келген бұғыларды атып кеткендер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғаушылар сәуір айының басында Якутияда жарыс бұғыларын өлтіргендерді анықтады. «Бұғы өсірушілер жиыны» аясында өткен шана жеккен бұғылардың спорттық жарысынан кейін 19 жануарды біреулер атып кеткен.
Якутия ІІМ-нің басшысы Владимир Прокопенко аймақтық жиналыс кезінде оқиға орнында адамның есімі жазылған түбіртек табылғанын хабарлады.
«Алдағы 3-4 күнде бұл тұлғалар анықталады деп ойлаймын. Олар бізге белгілі болды. Олардың арасында погон таққан адамдар да бар, бірақ біздің мекемемізде істемейді», - деп мәлімдеген В.Прокопенко.
Оқиға 6 сәуірге қараған түні Якутияның Булунский ауданындағы Тикси елді мекенінен 20 шақырым жерде орын алған. 30 жануардың 19-ы өлді, қалған 11-і жарақат алған. Бұл бұғылар жарысқа ғана қатысады, сол үшін шана сүйреуге үйретілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.