Якутияның көмір кенішінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

АСТАНА. KAZINFORM — Якутиядағы Эльга көмір кенішінің резервтік сорғы станциясында дәнекерлеу жұмыстары кезінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар. Бұл туралы Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Якутия
Фото: Kazinform/ЖИ

Саха Республикасының (Якутия) прокуратурасы 26 қыркүйекте Эльга көмір кенішінің аумағында жарылыс болғанын хабарлады.

Жедел мәлімет бойынша, жарылыс резервтік сорғы станциясында дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. Апаттан қаза тапқандар бар. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Компания өкілдерінің айтуынша, жарылысқа сорғы станциясындағы су резервуарының герметикалығы бұзылуы себеп болуы мүмкін. Нерюнгри прокуратурасы жарылысқа қатысты тексеру жүргізді. Қазір оның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Сириядағы әскери нысанда қуатты жарылыс болғанын жазған едік.