Якутиядағы өрт аумағы 1 миллион гектардан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің авиациялық қауіпсіздік агенттігінің мәліметі бойынша, Якутия Республикасының аумағындағы өрт 1 миллион гектардан асты. 

Якутиядағы өрт аумағы 1 миллион гектардан асты
Фото: Саха Республикасы (Якутия) Төтенше жағдайлар министрлігінің бейнежазбасынан кадр

Саха Республикасы (Якутия) Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 23 мың гектардан астам аумақта 6 өрт ошағы сөндіріліп, 15 мың гектардан астам аумақта 3 өрт локализацияланды.

Құтқару жұмыстарына Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Біріккен мемлекеттік жүйесінің барлық өзара әрекеттесетін құрылымынан 1 960 адам мен 222 техника жұмылдырылды. Бас басқарманың жеке бақылауында 13 табиғи өрт бар. 

– Тәулік бойы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Алдан және Верхневилю аудандарында өрттердің шетіне барлығы 193 тонна су жіберді. Бүгін ұшақтар Верхневилюск және Кобяйск аудандарының аумағына орналастырылады. Дабан, Құду, Өргет және Сайды ауылдарындағы өртті сөндіруге Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің «Аэромобильная группировка» командасы жұмылдырылды, - деп түсіндірді РФ ТЖМ аймақтық басқармасының басшысы Павел Гарин. 

27 шілдеде Якутия аумағында атмосфералық ауаға 77 сынақ жүргізіліп, талдау жасалды.

NCUCS ғарыштық мониторингінің мәліметтері бойынша, Нюрбин, Верхоянского, Верхневилюск, Вилюск, Горного, Олекминского, Сунтарского, Ленского және Мирнинск аудандарына қарасты 52 елді мекенде түтін байқалды.