Якутскіде ит екі айлық нәрестені талап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутскіде ит арбада жатқан екі айлық нәрестені талап тастады. Тергеушілер қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі.
Ресей Тергеу комитетінің Якутия бойынша тергеу басқармасының деректеріне сәйкес дүйсенбі, Челюскин көшесіндегі жеке үйде питбультерьер арбада жатқан нәрестенің басынан қауып алған. Бала қайтыс болды.
Қазір криминалистер оқиға орнын зерделеп, мән-жайын анықтауда.