Ялтада болған дауыл салдарын жою үшін 100 мың долларға жуық қаражат қажет
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Алдын ала жүргізілген есеп бойынша, Ялтада болған дауыл салдарын жою үшін 100 мың долларға жуық қаражат қажет.
Бұл туралы жергілікті БАҚ мәліметтеріне сүйене отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады. Табиғат апаты украиналық қалада бір апта бұрын болған еді. Қатты жел қырық бес үйдің шатырына зақым тигізген. Жергілікті билік қала екі апта ішінде дауыл салдарынан құтылады деп есептеп отыр.