03:39, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Ялтадағы туристік көрмеге шарап қалдықтары сақталған ежелгі құмыра қойылады
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Ялтадағы туристік көрмеге хеос ежелгі құмырасы қойылды, деп хабарлады Ура-Информ.
Құмыраны осыдан үш күн бұрын Қара теңізде Березань аралы маңында табылған ежелгі кемеден тапқан. Археологтардың пайымдауынша, бұл кеме біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда суға кеткен болуы ықтимал.
Бір қызығы, құмырада қатып қалған шараптың қалдықтары табылған. Зерттеу нәтижесінде 2500 жыл бұрын пайдаланылған шараптың құрамын анықтауға болады. Кемедегі барлық жәдігерлер су астынан көтерілген соң, ғалымдарды талай қызықтар таң қалдыруы мүмкін.
Қазан айының аяғында табылған дүниелер туралы толығырақ ақпарат берілуі тиіс.