Ямалада ағаш қабығына оралған баланың мумиясы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Сібірде Ямалада археологтар XIII ғасырдағы ағаш қабығына оралған бала мумиясы табылды

Бала қабықтың ішінде мыс пластиналарының астында болған. Ол бұғы терісіне оралған. Ғалымдар бұл 6-7 жасар бала болғанын және оның сүйек ауруларынан зардап шеккенін анықтады, деп хабарлады neelov.ru.

Қабық өлшемі баланың бойымен шақталған, 128 сантиметр.

Алдымен ғалымдар металл іздеу жабдығымен зерттеп, ішінде металл заттары болғаны анықталды.

Ол шілде айының басында табылған, алайда оны екі аптадан кейін зертханада ашты. Ағаш қабығының астында тері, оның астында мыс пластиналар болған. Ал олар былғарыдан жасалған баумен бекітілген. Баланың жанында кішкентай балта жатқан. Мамандар анықтағандай, бала өмір сүргенде жиі аш болған, сондықтан ауырған. Өсу үрдісінің бәсеңдегенін көрсететін сүйектегі ақаулық соның дәлелі. Ғалымдар 3D сканерлеуді өткізуді жоспарлап отыр. Осыдан кейін ғана бұл тарихи жәдігерге қатысты шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар
telegram