Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ямалда сібір жарасы салдарынан мыңдаған марал қырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ямал-Ненец автономды өлкесінде сібір жарасы мыңдаған маралдың қырылуына себеп болды. Ауданда карантин режимі енгізілді.

Ямалда сібір жарасы салдарынан мыңдаған марал қырылды

Бұл туралы өлке басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.  

"Өлген жануарлардан алынған сынамаларға жасалған сараптама маралдардың қырылу себебін көрсетті. Ямал-Ненец автономиялық өлкесінің ветеринария қызметі маралдардың бір бөлігі түйнеме салдарынан қырылғанын растады.  Округ  губернаторы Дмитрий Кобылкин 25 шілдеде Ямал ауданында карантин режимін енгізді", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Ямалда  мыңдаған маралдың қырылғаны мәлімделген болатын, деп жазды ТАСС.