Ямайкада алғашқы қазақстандық дипломат аккредиттелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Канада мен Ямайкада Қазақстанның елшілігін қоса атқарушы Константин Жигалов Кингстонда генерал-губернатор Патрик Алленге екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Ямайкадағы (қоса атқарушы) алғашқы қазақстандық елші ретінде аккредиттейтін сенім грамотасын табыстады.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

П. Алленмен әңгімелесу барысында К. Жигалов Сыртқы саясат тұжырымдамасына сәйкес қазақстандық тарап Кариб өңірімен, соның ішінде Ямайкамен қатынастарды нығайтуға баса мән беретінін айтып өтті. Генерал-губернатор Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін құптады.

Ямайканың сыртқы істер және сыртқы сауда министрі - сенатор Арнольд Николсонмен келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық проблема, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде бір-бірін қолдай отырып жұмыс істеу мәселелері талқыланды.

Ал Индустрия, инвестиция және сауда министрі Энтони Хилтонмен жүздесу кезінде келешектегі сауда-инвестициялық әріптестікті дамыту жайы сөз болды.

Соңғы жаңалықтар