Ямайкада танымал шипажай аумағында атысып, үш адамды мерт қылды
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Ямайка полициясы атақты Монтего-Бей шипажайында 9 ақпан күні атыс ұйымдастырып, үш адамды мерт қылды деп хабарлайды РБК Associated Press-ке сілтеме жасап. Полиция мәліметтерінше, оқиға орнынан автомат пен тапанша және олардың оқтары табылған. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
|
Бұған дейін күндіз Уэстморленд округінде бұл оқиғаға қатысы жоқ жағдай тіркелді: полиция қызметкері күдіктіні атып өлтірді. Құқыққорғаушылар Ямайка полициясы мен армиясын бұрыннан сынға алып келеді. Мысалы, өткен жылы тәртіп сақшыларының қолынан 219 адам қаза тапты, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен тоғыз есе көп.
|