Ямайкалық спортшы 50 метрлікке брасс әдісімен жүзуден әлем рекордын жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық Алиа Аткинсон Будапеште өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде брасс әдісімен 50 метрлік қашықтыққа жүзуден әлемдік рекорд орнатып, бірінші орын алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Спортшы қыздың көрсеткіші -28,56 секунд. Бір қызығы, мұның алдындағы 2016 жылғы рекордтың да (28,64) иесі осы бойжеткен болған еді.
Екінші орынды ресейлік Юлия Ефимова (29,22) еншіледі, ал мәреге америкалық Молли Ханнис үшінші болып (29,51) жетті.