Ямайканың ерлер құрамасы эстафеталық жарыста әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нассаудағы (Багам аралдары) эстафеталық жүгіруден әлем чемпионатында Ямайканың ерлер құрамасы 4х200 м эстафетасында әлемдік рекордты жаңартты.

Ямайканың ерлер құрамасы эстафеталық жарыста әлемдік рекорд орнатты

Олар 1 минут 18,63 секунд уақытпен үздік деп танылды.

20 жыл бұрынғы жетістік АҚШ командасының еншісінде болған еді, яғни американдықтар ол кезде эстафеталық жарыста 1.18,68 уақытымен рекорд орнатқан болатын.

Екінші орынды Сент-Китс және Невистен келген спортшылар (1. 20.51) иеленді. Еуропа рекордын жаңартқан Франция командасы біріншілікте қола жүлденің жеңімпазы (1.20.66) атанды.