Янцзыда кеме апатынан опат болғандар саны 345-ке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың ірі Янцзы өзеніндегі «Шығыс Жұлдызы» туристік теплоходының апаты 345 адамның өмірін жалмады, деп хабарлады ҚХР ресми БАҚ.
Қазіргі сәтте 456 жолаушының 14-і ғана аман табылды.
Туристік кеме Нанкиннен Чунцинге бет алған. Борттағы адамдардың барлығы - ҚХР азаматтары. Негізінен 50-80 аралығындағы зейнеткерлер.
Янцзы өзенінің бұл бөлігі қытайлық туристер арасында өзінің ерекше көріктілігімен танымал.