«Яндекс» компаниясы Өзбекстанда тағам жеткізу қызметін іске қосты

None
Фото:ria.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте Yandex Eats брендімен «Яндекс Еда» тамақ жеткізу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениядан кейін аталған сервисті іске қосқан ТМД елдері арасындағы бесінші мемлекет болды. Yandex Еats қосымшасы мен сайты өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді», - деп мәлім етті компаниядан.

Қазіргі таңда Ташкентте орналасқан 200-ден астам мейрамхана мен кафе «Яндекс Еда» тамақ жеткізу қызметімен жұмыс істейді. Оның ішінде FeedUp, Bon!, Oqtepa Lavash, Yaponamama сияқты танымал тамақтану орындары бар.


Соңғы жаңалықтар