«Яндекс» Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенін цифрландырумен айналысады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -Қостанай облысының басшылығы "Яндекс" компаниясымен агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бойынша келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Яндекс» Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенін цифрландырумен айналысады

Келісім Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің Мәскеуге жұмыс сапары барысында жасалды.

М.Мырзалиев экономикалық секторды цифрландыру мәселелерін талқылау үшін «Яндекс» компаниясының вице-президенті Марина Амелинамен кездесті. Нәтижесінде тараптар агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бойынша келісімдерге қол қойды. Екіжақты құжатқа сәйкес, «Яндекс» компаниясының  әзірлеген жобалары Арқалықтағы «ақылды» қала жүйесіне енгізілетін болады. Бұл қалада баламалы қуат көзін ендірудің алғашқы тәжірибелері іске асырылатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Аймақ басшысының орынбасары іссапар барысында сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) «Еуразиялық экономикалық одақтағы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту» атты семинарына қатысты. Шараға ЕЭК-тің мүдделі мүшелері, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, ғылыми мекемелер мен бизнес құрылымдар қатысты. Жиында ауыл шаруашылығын нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу мен оны дамытудың жолдары қаралды.

«Аталған кездесу Қазақстан-Ресей арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту және инвесторларды тарту мақсатымен өткізілді. Қазақстанда бүгінгі күні 30-дан астам органикалық (ұн, жарма, өсімдік майы, кәмпит) өнім өндіруші зауыт бар. Солардың дені Қостанай облысында орналасқан. Семинар аясында Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше елдер өнеркәсіпті біріздендіру және дамыту сатысындағы мәселелерді талқыға салды», - деді Мырзалиев.
null 

Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі сонымен қатар Еуропалық одақ елдерінің инвесторлар тобымен және Blue Coral ICS компаниясымен кездесті.