Яндекс Музыка-да қазақстандықтар үшін мерекелік Наурыз толқыны пайда болды

Наурыз арнасы
Фото: Яндекс Музыка

АСТАНА. KAZINFORM – Яндекс Музыка-да қазақстандықтар үшін мерекелік Наурыз Волна (Наурыз толқыны) пайда болды. Бірегей баптауды Моя волна (Менің Толқыным) ұсыныстар жүйесінде «Наурыз» атауын таңдау арқылы табуға болады. Енді қазақстандықтар мереке күндері жақындарымен бірге сүйікті тректерін тамашалай алады.

урыз Волна-да (Наурыз толқынында) Роза Рымбаева, Батыр, МузАрт, Ulytau, M'Dee ft. Dana Tunes сияқты қазақстандық орындаушылар мен басқа әртістердің тректерін тыңдауға болады. Музыкалық индустрияның отандық жұлдыздарын көтеру аясында Қазақстан қалаларының билбордтарында Akha, M'Dee, Rusha, Ирина Кайратовна, Moldanazar, Urker фотосуреттері пайда болғанын айта кеткіміз келеді.

Моя волна-ның (Менің толқыным) ұсыныстар жүйесі Яндекс Музыка-ның әр тыңдаушысына дербес музыканы таңдап, ол талғам мен көңіл-күйге бейімделеді. Сервис Наурыз Волна (Наурыз толқыны) жаңа баптауымен көктем мерекесінің атмосферасын қалыптастыратын  композицияларды дәл таңдайды.

Наурыз Волна (Наурыз толқыны) алғаш рет құрылып, технологиялар тобы көктемгі көңіл-күцге сай тректер әзірледі. Яндекс Музыка-ның жаңа баптауымен қазақстандық Жаңа жылды сезінуге болады.

Жалпы, платформада барлық жетекші және танымал қазақстандық орындаушылар – Димаш Кудайберген, Moldanazar, Jah Khalib, НАZИМА және басқалар ұсынылған. 2023 жылы Яндекс музыкаларының тізіміне 450-ден астам қазақстандық шығарма енгізілді.

Сонымен бірге сервис ISKRA Qazaqstan музыкалық жобасын іске қосты. Сәуір айында Қазақстанда есеп бойынша төртінші ISKRA басталады. Әндері көп тыңдалып жатқан қазақстандық әртістердің тректерін анықтауға мүмкіндік беретін Моя волна (Менің толқыным) ұсыныстар жүйесі функциясының арқасында олар тыңдаушылар арасында танымал бола бастады. Яғни, Қазақстаннан жаңа жас әртістер көбейіп келеді, сондай-ақ сервис маркетингтік құралдардың көмегімен осындай өрлеулерді әрі қарай қолдайтын болады.

Мысалы, қазақстандық орындаушылар ұсыныстар жүйесінде пайда болғаннан кейін кейбір әртістердің тректері 65 есе жиі тыңдала бастады. Бұдан басқа Яндекс Музыка қолдауымен Yeski Taspa және Ayaulym Live Session атты екі қазақстандық музыкалық жоба жарыққа шықты.

Сонымен қатар Яндекс Музыка-да Балалар бөлімі бар, мұнда қазақ тілінде Ертегілер, балалар санатындағы жергілікті сарапшылардың подкасттары мен аудио топтамалары ұсынылған: мысалы, қазақстандық балалар психологы Аида Тонканова мен әнші Назиманың өз балаларына қоятын сүйікті бесік жырлары.

Соңғы жаңалықтар