«Яндекс» Ресейде көлік ұрлығына қарсы бағдарлама енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде «Яндекс» компаниясына тиесілі Auto.ru порталы Мәскеу және Мәскеу облысында тіркелген ескі көліктерді сату туралы жарнамаларды автоматты түрде тексеру бағдарламасын енгізді, деп хабарлады ресейлік интернет-компаниядан.

«Яндекс» Ресейде көлік ұрлығына қарсы бағдарлама енгізді

Бұл тексеріс көліктің ұрланғанын не ұрланбағанын анықтауға көмек болады. Сондай-ақ, сатушы көрсеткен сипаттарға сәйкес: көлік маркасы, қозғалтқыштың көлемі мен қуаттылығы туралы ақпарат шындыққа жанасатынын, не жалған екенін тексеруге болады.

Тексеріс VIN-код - автомобильдің 17 белгілік идентификаторы бойынша жүргізіледі.

Көліктер туралы мәліметті Мәскеудің ақпараттық технологиялар департаменті іске қосқан «Автокод» порталы таратады.