Янукович әкімшілік реформаға байланысты барлық дерлік министрлерді босатты

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович Үкімет басшысы Николай Азаровтан басқа барлық министрлер мен вице-премьерлерді елдегі әкімшілік реформаға байланысты қызметтерінен босатты, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Янукович әкімшілік реформаға байланысты барлық дерлік министрлерді босатты

Бұл туралы украин мемлекеті басшысының ресми сайтында жарияланды.

Янукович бейсенбі күні әкімшілік реформа басталғанын жариялады, оған байланысты министрлер кабинетінің мүшелері 24-тен 16-ға дейін қысқармақ. Бірқатар министрлер өз орындарына қайтадан жайғаспақ.