Янукович премьердің кандидатурасын алдағы аптада ұсынуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Виктор Янукович алдағы аптада премьер-министрдің кандидатурасын Жоғарғы раданың қарауына енгізуі ықтимал, деп хабарлады бейсенбі күні Өңірлер партиясының мүшесі, депутат Владимир Олийныкқа сілтеме жасай отырып УНН агенттігі.
Президент 28 қаңтарда премьердің отставкасын қабылдады, ал министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанша өз міндеттерін жалғастыруда. Премьердің міндетін уақытша атқару бірінші вице-министр Сергей Арбузовқа жүктелген, деп хабарлайды РИА «Новости» .
"Бізде мынадай ақпарат бар, келесі аптада консультация өткізіп, артынша президент премьердің кандидатурасын енгізеді деп күтіп отырмыз", - дейді Олийнык.