Янукович Үкіметтің бірқатар шенеуніктерін қызметінен босатпақ
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович ЕО-мен қауымдастық туралы келісім жобасын дайындаумен айналысқан Үкімет шенеуніктерінің қызметтен кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Бұл адамдар құжатты дайындаудан шеттетілетін болады, мүмкін, тіпті, қызметтерінен де босатылады", - деді ол саяси дағдарыстан шығу жолдары туралы өткен "дөңгелек үстел" барысында.
Януковичтің сөзіне қарағанда, ол Вильнюсте өткен "Шығыс серіктестігі" саммитінің нәтижесі еуропалық интеграция жақтастарының неліктен соншалықты көп сынына неге ұшырағанын түсінбейді. Янукович Украинның еуропалық интеграциядан бас тартпағанын және бас тартуға ниетті емес екенін тағы да баса айтты. "Біз реформалар және еуропалық интеграция жолымен жүргенбіз және алдағы уақытта да осы жолдан тайынбаймыз", - деп келтіреді оның сөздерін Росбалт.