Януковичке қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтің Печерский соты Виктор Януковичке қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарап жатыр, деп хабарлады бүгін Жоғарғы Рада отырысында вице-спикер Руслан Кошулинский. Януковичті іздестіру туралы істі де осы сот қарауда.
Жоғарғы Рада бұдан бұрын 2004 жылғы конституцияны қалпына келтіру, Януковичтің президенттік міндеттерін орындаудан өз еркімен бас тартуы, 25 мамырда мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін хабарлаған. Қазіргі уақытта Рада президенттік билікті өздерінің спикері Александр Турчиновке берді, ол сайлау науқанының 25 ақпанда жұмысқа кірісетінін хабарлады.
Орынтағын мерзімінен бұрын босатқан президентке заңмен жаңа сайлауға қатысуға тыйым салынса да, 2010 жылы сайланған Янукович парламенттің өзін биліктен аластатқаны туралы шешімін мойындаған жоқ. Еуроодақ Жоғарғы Раданың шешімін қолдады.
Әзірге Виктор Януковичтің қайда екені белгісіз.