08:14, 04 Маусым 2010 | GMT +5
Януковичтің Президент болғанына - 100 күн
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович бүгін, жұма күні үлкен баспасөз мәслихатын өткізеді. Конференция оның мемлекет басшысы қызметіндегі алғашқы 100 күніне арналатын болады.
Президент өз қызметінің есебін ақпанның 25-інен бастап, қызметіне кіріскен күннен бастап жүргізеді. Үш ай мерзімнің ішінде Янукович Киевтен бастап облыстық және аудандық әкімшіліктерге дейін билік вертикалын қалыптастырып үлгерді.
Және Николай Азаровтың үкіметімен бірге ол елдегі саяси және экономикалық ахуалды тұрақтандырды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.