Ярина Пуганцова таеквондодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық таеквондошы Ярина Пуганцова кадеттер арасында таеквондодан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 29 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алды.
Спортшы төрт рет жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен.
Өкінішке қарай, ақтық сында ирандық Баран Ливани Джамал біздің таеквондошыдан күштірек болды.
Осылайша, Пуганцова әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Еске салайық, әлем чемпионаты Софияда (Болгария) өтіп жатыр.
Жарысқа 77 елдің спортшысы қатысуда.