Ярослава Магучих әлемнің үздік жеңіл атлеті атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы Олимпиада чемпионы украиналық Магучихке әлемнің үздік жеңіл атлеті атағын берді. Бұған дейін украиналық спортшы 2024 жылғы Еуропаның үздік спортшысы атанған болатын, деп хабарлайды DW.

Ярослава Магучих
Фото: Mustafa Yalcin/Anadolu/picture alliance

Украиналық биіктікке секіруші Ярослава Магучих Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (World Athletics) нұсқасы бойынша 2024 жылғы әлемнің ең үздік жеңіл атлеті атанды. Бұл туралы жексенбі, 1 желтоқсан күні кешке федерацияның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Соңғы дауыс беруде Магучих жетісайыс бойынша 2024 жылғы Олимпиада чемпионы атанған бельгиялық Нафиссата Тиамды басып озды. Украиналық спортшы Дүниежүзілік жеңіл атлетика жүлдесіне үшінші жыл қатарынан ұсынылды, бірақ ол бұл жүлдені бірінші рет жеңіп алып отыр.

Қазан айының соңында 23 жастағы Магучих Еуропаның 2024 жылғы үздік жеңіл атлеті атанған болатын. European Athletics жүлдесін украиналық спортшыға Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде өткен «Golden Tracks» салтанатында табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар