18:50, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ярослава Шведова Астанада балаларды тенниске үйретті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық теннис орталығында белгілі қазақстандық теннисші, ҚР ұлттық әйелдер құрамасының мүшесі Ярослава Шведова балаларға арнап шеберлік сабағын өткізді.
Я.Шведова кішкентай қыздар мен ұл балаларды әңгімеге тартып, өзінің спорттағы жолын айтып берді. Әңгімелесіп қана қоймай, әрбір баламен жеке-жеке теннис ойнап, оларды шеберлікке баулыды. Шеберлік сабағы аяқталғаннан соң кішкентай бүлдіршіндермен суретке түсіп, қолтаңбасын таратты. «Теннис - менің өмірім. Ал бүгінгі кездесу сендерді спортқа одан сайын ынталандырып, тенниске деген қызығушылықтарыңды арттырсын», - деді тілегін айтқан белгілі спортшы.