Ярослава Шведова, Денис Тен мен Илья Ильин - Қазақстанның Твиттердегі ең танымал спортшылары
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Теннисші Ярослава Шведова Твиттер әлеуметтік желісінде жазылушылар саны бойынша Қазақстандағы ең танымал спортшы,
деп хабарлайды Vesti.kz.
Дәл қазіргі уақытта Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісіне 13 383 адам жазылған. Я.Шведованың Қазақстан спортшыларының арасында Твиттерге ресми түрде тіркелген жалғыз спортшы екенін атап өту керек.
Бұл тізімде екінші орынға мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен орналасқан. Оның әлеуметтік парақшасына 8617 адам жазылған, үшінші орында - ауыр атлетикадан олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы Ильи Ильин тұр - 7100 адам.
Төртінші орынға теннис спортының тағы бір өкілі - Галина Воскобоева (5643 жазылушысы), бесінші орынға алматылық «Қайрат» футбол клубының капитаны Самат Смақов (2500 адам) жайғасқан.
Твиттердегі ең үздік спорттық аккаунт «Астана» велокомандасына тиесілі. Оған 34 399 адам жазылған.