18:54, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ярослава Шведова Hansol Korea Open-2010 турнирінде екінші айналымға шықты
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Hansol Korea Open-2010 турнирінде екінші айналымға шықты,
деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Сеулде Ярослава WTА нұсқасы бойынша әлемнің 53-ші ракеткасы испандық Анабель Медина-Гарригеспен кездесті. Шведова екі партияда 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Ярослава енді ширек финалға шығу үшін бельгиялық Кирстен Флипкенс пен сербиялық Бояна Йорванскидің арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.