Ярослава Шведова Таиландтағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшысы Ярослава Шведова Хуахин қаласындағы (Таиланд) WTA Challenger «Hua Hin Championships» халықаралық турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ярослава Шведова Таиландтағы турнирдің финалына шықты

Атап айтқанда, жартылай финалда біздің теннисші қытайлық Кианг Вангті ұтты - 6:7(4), 7:6(4), 6:4. Финалда ол жапониялық спортшы Наоми Осакамен тартысқа түседі. Бұдан бұрын ширек финалда Ярослава Шведова қытайлық Юнг-Юнг Дуанды жеңген болатын.

Турнирдің жүлде қоры 115 мың долларға бағаланып отыр.