Ярослава Шведова үздік отыздыққа енді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - WTA рейтингі қайта жарияланды. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова сегіз саты жоғарылап, 28-рынға табан тіреді. Бұл Қазақстан теннисінің тарихындағы ең үздік нәтиже.
None
None

«Аламан» спорт агенттігінің жазуынша, Галина Воскобоева 81-ден 83 орынға сырғыды. Сесиль Каратанчева да 84-тен 86-сатыға түсті. Ксения Первак бір саты жоғарылап, қазір 98 орында тұр. Юлия Путинцева 1 қазандағы рейтингте 145-орында еді. Бүгінгі тізімде 140-сатыға жайғасыпты. Зарина Диас 354-тен 350-ге көтерілсе, Анна Данилина 384-орыннан қозғалған жоқ.

Жұптық рейтингте Шведова 14-орыннан 19-орынға түссе, Воскобоева 34-орыннан 38-сатыға сырғыды.

Соңғы жаңалықтар