Ярослава Шведова WTA чемпиондық бәсекесінде бірінші орынды сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) чемпиондық бәсекенің жаңартылған рейтингін шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.
Мұндағы үздіктер «үштігі» өзгеріссіз қалды.
Бірінші орынды бұрынғыша қазақстандық спортшы Ярослава Шведова (189 ұпай) келеді.
Екінші орында хорватиялық теннисші Яна Фетт (168 ұпай) болса, үшінші орынды Румыния спортшысы Тимеа Бабош (161 ұпай) еншілеп отыр.