13:04, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ярослава Шведова - WTA чемпиондық жарысында екінші
АСТАНА. ҚазАқпарат - WTA чемпиондық жарысының жаңартылған хабарламасы шықты.

Жалпы есептің Топ-10-нда еш өзгеріс орын алған жоқ.
Рейтингтің көш басында Хорватия өкілі Яна Фетт тұр, ол қазақстандық Ярослава Шведовадан озды, деп жазды sports.kz.
WTA чемпиондық бәсекесі. 28 желтоқсандағы нұсқа:
1. (1) Яна Фетт (Хорватия) - 197 ұпай
2. (2) Ярослава Шведова (Қазақстан) - 189
3. (3) Чагла Буюкакчай (Түркия) - 163
4. (4) Тимеа Бабош (Венгрия) - 161
5. (5) Каролин Гарсия (Франция) - 160
5. (5) Янина Викмайер (Бельгия) - 160
7. (7) Нао Хибино (Жапония) - 154
8. (8) Наоми Осака (Жапония) - 143
9. (9) Чжан Шуай (Қытай) - 140
10. (10) Луксика Кумхум (Таиланд) - 138.