Ярослава Шведова жарыстың екінші раундына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Чарльстондағы WTA турнирін оңайлықпен келмеген жеңіспен бастады, деп хабарлады sports.kz.
Жарыстың бірінші айналымында әлемдік рейтингте 55-орындағы 26 жастағы Шведова әлемнің 147-ші ракеткасы 20 жастағы қытайлық Сайсай Чженмен кездесті.
Шведова қарсыласын үш партияда 6/2, 3/6, 7/5 есептерімен жеңген. Ойынға 2 сағат 6 минут кеткен.
Жарыстың екінші раундтағы матчын Ярослава енді жетінші нөмірлі австралиялық Саманта Стосурмен өткізеді.