12:56, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ярослава Шведова жұптық разрядта финалға шықты - US OPEN турнирі
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Американдық спортшы Вания Кингпен жұптасып ойнаған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен шлем» сериясының турнирінде финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.
Шведова мен Кингтің жұбы жартылай финалда зимбабвелік-итальяндық жұп Кара Блак пен Флавия Пеннеттаны 6:3, 4:6, 6:4 есебімен ұтты.
Енді олар ақтық бәсекеде қытайлық жұп Чан Юнь-Янь мен Чжен Цземен не болмаса американдық-ресейлік жұп Лизель Хубер мен Надежда Петровамен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, Шведова мен Кингтің жұбы Уимблдон-2010 турнирінің жеңімпазы атанған болатын.