13:35, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ярослава Шведова жұптық разрядта жартылай финалға шықты - US OPEN турнирі
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Американдық спортшы Вания Кингпен жұптасып ойын көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен шлем» сериясының турнирінде жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.
Шведова мен Кингтің жұбы ширек финалда аргентиналық-итальяндық жұп Гизеле Дулко мен Флавия Пеннеттаны жеңді. Матчтың қорытындысы - 6:3,6:3.
Жартылай финалға Шведова/Кинг жұбы зимбабвелік Кара Блак пен итальяндық Флавия Пеннеттаға қарсы шығады.