Ярославльде мұзға түсіп кеткен ит құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярославльде Рекс атты ит Которосли өзенінде мұз астына түсіп кетті. Иесі құтқарушыларға көмекке жүгінген. Итті алып шығу үшін мамандар үрмелі қайықты пайдалануға тура келген.
ТЖМ қызметкерлері ит суға батып бара жатқан тұста жетіп үлгерді. Оны судан шығарып, үстін кептіріп, жағада күтіп тұрған иесіне аман-есен тапсырды.