Ярославльден келген ММУ студенті «Ресей аруы» атанды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеуде 1 желтоқсанда «Ресей аруы-2010» 16-байқауы мәресіне жетті. «Лента.ру» тілшісі хабарлап отырғандай,
байқаудың жеңімпазы 22 жастағы Дарья Коновалова болды.
Жаңа сұлулық ханшайымы Ярославльдің тумасы, Мәскеудегі ММУ-дің социология факультетінің студенті. Қыздың жеке мойындауынша, ол йогамен және пилатеспен айналысады. Коновалова - танымал модель, бірқатар журналдарға суретке түскен, оларды қатарында мода тақырыбындағылар да, таза еркектерге арналған журналдар да бар.
Биылғы байқауда ең сұлу қыздың тәжі үшін елдің әр аймағынан келген 54 бойжеткен бәсекеге түсті. Байқаудың әділқазылар алқасын актер, продюсер, Ресей каскадерлері қауымдастығының президенті Александр Иншаков басқарды. Байқаудың финалдық сайыстары Мәскеу үкіметінің Үлкен залында өткізілді.
2009 жылы «Ресей аруы» атағына ВГИК түлегі, новосібірлік Евгения Лапова ие болған еді.