Ярославль облысында параплан құлап, ұшқыш қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярославль облысында параплан құлап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитеті өңірлік тергеу басқармасына сілтеме жасап.
«Бүгін кеше Ярославль ауданында Хомутово елді мекені маңындағы егістік даласына параплан құлады. Аталған ұшу аппаратын басқарған ер адам апат салдарынан қаза тапты, делінген хабарламада.
Ажал құшқан адамның кім екендігі анықталуда, тергеушілер тексеру жұмыстарын бастады.