«Яшлык» тобы сахнаға оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 90-жылдардың ортасында вокалдық-аспаптық ансамльдердің арасындағы танымал топтардың бірі болған «Яшлык» сахнаға оралды.

«Яшлык» тобы сахнаға оралды

«Яшлык» тобының «Жаңару» дене жанды дауыстағы концерті Алматыдағы клубтардың бірінде өтті. Бұл туралы топтың жетекшісі Дильшад Ахмадиевтың Instagram-дағы парақшасында хабарланған. Топтың бұл «бастамаларына» қолдау білдіруге елдің танымал әншілері мен сазгерлері, сонымен бірге белгілі музыкалық бағдарламалардың жүргізушілері келген. Еске сала кетейік, 1974 жылы Мұрат Ахмадиев «Яшлык» вокалдық-аспаптық ансамблінің бірінші құрамын жинады. 1996 жылы «Яшлык» құрамы қайта жаңарды. Сол кезде Дильшад Ахмадиев оның жетекшісі атанды. Топтың ең танымал әні - «Нигара». Топтың осы аттас альбомы да бар. «Яшлык» 90-жылдардың ортасынан 2000-жылдардың бас кезіне дейін танымал болды, алайда одан кейін олар сахнада көрінбей кетті. Ұжымның мүшелері осыған дейін берген сұхбаттарында бір емес бірнеше рет өздерінің топ ретінде өнер көрсетпейтіндерін айтқан болатын.