Ясир Арафатты улап өлтіргенін Франция мойындап отыр
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Франция прокуратурасы Палестинаның бұрынғы көшбасшысы 2004 жылы қайтыс болған Ясир Арафаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық істің қозғалуына әйелі Суха Арафаттың Париждің Нантерр деген қаласының жоғары инстанциядағы сотына «күйеуімді қасақана өлтіріп кетті» деп жазған арызы себеп болып отыр. Әйелі Суха мен қызы Захва арыздарында кінәлап отырған адамның есімін көрсетпепті. Суха тек күйеулерінің қандай күйде қаза тапқанын халыққа паш еткісі келетін секілді. Бұл туралы muslim.kz сайтында жазады.
Еске салсақ, швейцариялық ғалымдар Ясир Арафаттың пайдаланған дүниелерінен полония атты улы радиоактивті заттың барын анықтаған еді. Осыдан кейін әйелі Суха Арафат Палестинаның ұлттық әкімшілігіне қабірден күйеуінің сүйегін көтеру туралы өтінішпен шыққан болатын. Докторлардың айтуынша, егер Ясир Арафаттың сүйегіндегі полони көп мөлшерде кездесетін болса, онда оны анық улап өлтірген деп сеніммен мәлімдеуге болады деп отыр. Қазіргі уақытта Швейцарияның Лозанна университетіндегі радиология зертханасында палестиналық көшбасшының сүйек қалдықтары зерттелуде.
Осыған дейін Ясир Арафаттың нақты неден өлгенін ешкім анықтай алмаған еді. Біреулеріі қатерлі ісікке шалдыққан десе, енді бірі бауыр церрозы деген диагноз қойды. Біреулер тіпті ЖИТС/СПИД жұқтырған деп те жорыды.