Ясир Арафаттың неден өлгені белгілі болды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Палестина елінің көшбасшысы Ясир Арафат 2004 жылы миға қанның құйылуынан қайтыс болды, деп хабарлады РИА Жаңалықтар агенттігі «Ясир Арафат қоры» (Yasser Arafat Foundation) ұсынған құжаттарға сілтеме жасап.

Ясир Арафаттың неден өлгені белгілі болды

2004 жылы 18 қарашада Париж маңындағы Кламар қаласында орналасқан Percy әскери госпиталінің дәрігерлері Арафаттың өлімі миға қанның құйылуынан болды деген қорытынды шығарды. Медиктердің атап өткеніндей, Палестина экс-көшбасшысының хал-жағдайына ас қорыту мүшелерінің аурулары әсер еткен болуы керек. Соның ішінде энтероколлит, ДВС-синдромы және гемофагоцитоз. Олардың айтуынша, көптеген дәрігерлермен кеңес өткізгенменен, Ясир Арафаттың бастапқы ауруы қайдан пайда болғанын анықтау мүмкін болған. 

«Ясир Арафат қоры» ұсынған басқа қорытындыда 12 қараша күні  Арафаттың «вирустық гастроэнтерит» диагнозымен ауруханаға түскендігі туралы айтылады. Бұл диагнозды мысырлық және тунистік дәрігерлер де растап отыр.

 Арафат өліміне қатысты шынайы ақпараттың жоқтығынан, ол у беріліп өлтірілуі мүмкін деген болжамдар әлемге тарап кетті. «Әл-Жазира» телеарнасы Арафаттың жеке заттарына зерттеу жүргізуге бастама көтерді. Осылайша, Лозаннадағы беделді швейцариялық зерттеу институты саясаткердің киімдерінен, тіс щеткасынан және бас киімінен Полоний-210 радиоактивті элементінің іздерін тапты. Егер Арафаттың қабірінен және сүйегінен ірі көлемде полоний табылса, онда оны уландырғаны жөнінде жариялауға болады. Қазіргі уақытта Палестина Ұлттық Әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббас эксгумация жасату жөнінде тиісті тапсырма берді.